Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№6 Балбұлақ» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын туралы ақпарат

Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№6 Балбұлақ» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 1976 жылы салынып, пайдалануға 1979 жылы берілді, жер учаскесінің көлемі-5111 ш.м.
Балабақша 2 қабатты ғимарат, 140 орындық, Қызылорда қаласы, 3 іріктендірілген квартал №5А мекен-жай бойынша орналасқан .
Телефон 27-80-57
E-mail Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Сайт http://balbulak-balabakshasy.kz/kz
Меңгеруші Нуртасова Гульзада Маратовна, педагог-сарапшы санатты, жоғары білімі бар, еңбек өтілі 12 жыл.
2020-2021 оқу жылында 3-6жас аралығында 75 бүлдіршін тәрбиеленуде. Топ саны – 3. Педагог саны – 16. Оның ішінде жоғары білімдісі - 15, арнаулы орта білімдісі - 1. Санаты бар педагогтардың үлесі барлық педагогтардың – 40 пайызын құрайды.
Балабақшада музыкалық зал, асханасы және медициналық қабинет бар.
Вариативтік компоненттер саны –3, қатысатын бала саны – 45.
Балабақша жетістігі:
2019 ж. - "Береке мен бақ қонған Қызылорда!" атты қала күніне арналған "Тәй-тәй балапан" велосипед жарысына қатысқан Балтабай С. ҚҚББ Алғысымен марапатталды,
2020ж. - ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай "Кемел" өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен сурет байқауында І орын иеленген Ералиева А., ІІ орынмен Бердібек А., Малик А.,Рахманберді А. дипломмен марапатталды.
2020ж. - "Қыс қызығы" "Шабыт" Республикалық онерпаздар орталықтың ұйымдастыруымен Алғыс хатпен "Балбұлақ" балабақшасының ұжымы марапатталды.
2021ж. - ҚОББ ҚҚББ Қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Алғыс айту күніне балабақша ұжымын Құттықтаумен марапаттады.






